Мазмұнға өту

Заңды өкілдің мәлімдемесі

3 шілде 2026 ж. редакциясы, нұсқа 1.1

Мен көрсетілген баланың заңды өкілі — ата-анасы немесе тағайындалған қамқоршысы — екенімді және оның мүддесінде дербес деректерін өңдеу туралы шешім қабылдауға құқылы екенімді растаймын.

Мен мыналарды түсінемін және келісемін:

— баланың аккаунтын қосудың және мониторинг жүргізудің заңдылығы үшін, оның ішінде баланың хат-хабарында қамтылатын әңгімелесушілерінің деректерін өңдеу үшін толық жауапкершілік көтеремін;

— баланың деректері тек оның қауіпсіздігі мақсатында ғана өңделеді;

— заңды өкіл мәртебесі туралы көрінеу жалған мәлімдеме, сондай-ақ мен заңды өкілі болып табылмайтын адамды мониторингтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады (оның ішінде жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және хат-хабар құпиясын бұзғаны үшін — Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы және Қылмыстық кодексінің 147-бабы).